ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҒЫМЫЗДЫҢ БЕЛГІСІ
Осы жылы біздің еліміз екінші рет Алғыс айту күнін атап өтуде. Елбасының бұл бастамасы барлық қазақстандықтар арасында қолдау тапты.
Кешегі қиын-қыстау заманда тағдыр айдауымен қазақ жеріне жер ауып келгендерді біздің ата-бабаларымыз сыртқа тепкен жоқ, қайта барын беріп, соңғы үзім нанын бөліскен. Осылайша жергілікті жұрттың қайырымдылығы өзге жерге еріксіз жеп ауып келген адамдардың өмірін аман алып қалды. Сондықтан да олардың қазақтарға деген алғысы шексіз. Сондықтан да бұл мейрам қайырымдылық, достық және барлық қазақстандық азаматтардың өзара сыйластығының белгісі.
Бұл бастама біздің берекенің тіні болған ұлтаралық келісім мен Қазақстанның этникалық байланыстарын одан әрі нығайта түседі. Сондықтан да Алғыс айту күнімен жерлестерімізді құттықтаймын! Өткен жүзжылдықта біздің ата бабаларымыз толеранттылық сынынан сүрінбей өтті. Енді біз ортақ үйіміз Қазақстанда бірлік пен татулық болуына жауаптымыз.
Ақтолқын СУНГУР,
«Қызылорда олбысының Азаматтық Альянс»
қауымдастығының төрайымы