ЕЛБАСЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 26-БАБЫН ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын бастапқы редакцияда қалдыруды ұсынды", - делінген Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында
Еске салайық, ҚР Конституциясының 26-бабында "Қазақстан азаматтары" деген сөздің орнына "әркім" деген сөзді қою ұсынылған еді.
Еске салайық, ҚР Конституциясының 26-бабында "Қазақстан азаматтары" деген сөздің орнына "әркім" деген сөзді қою ұсынылған еді.