ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР!
Мемлекет басшысы Алғыс айту күні туралы:
«Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық
этностардың бір біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз
туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту
әділетті болар еді.
Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра
түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне
деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген
болатын.
Шынымен, алғыс сөзі – жүректен иірілетін, тұнық сөз. Естіген жанды рухани ләззатқа бөлейді. Бір жағынан тілек, бір жағынан адамның ниеті, ризашылығы. Оның мәнділігі, маңыздылығы сонда жатыр. Міне, бүгінгідей салтанатты мереке баршаңызға құтты болсын! Ортақ Отанымызға айналған қазақ жеріне, қазақ еліне, бауырмал қазақ халқына ризашылығымыз шексіз! Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы достықтың да, бірліктің де, тұтастықтың да ұйтқысы болып отыр. Келер ұрпағымызға осы ізгіліктерді ұмытпай жеткізсек – біздің аманатымыз ынтымақтастықтың темірқазығына айналары хақ.
Сақтапберген ЖҰБАТҚАНОВ,
қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы