БЫЛТЫР 40 МЫҢНАН АСТАМ АЙМАҚ ТҰРҒЫНЫ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ
2016 жылы Қызылорда облысында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Өңірлік кешенді жоспарын іске асыру аясында мемлекеттік қолдау шараларымен жұмыссыздар және өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар қатарындағы 40 мың 67 адам қамтылды,-деп жазады enbek.gov.kz.
Оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бастамалары аясында іске асырылып жатқан жобалар арқылы 10 мың 530 адам жұмыс тапқан. Әлеуметтік жұмыс орындарына 961 адам, жастар тәжірибесіне 1 мың 240 адам, қоғамдық жұмыстарға - 7 мың 52 адам орналасты.
Кәсіптік оқытуға 641 адам жіберілсе, оның ішінде 132 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды. Ал 13 мың 945 адам мемлекеттік қолдау шараларынсыз және 4 мың 898 тұрғын өз бетінше жұмысқа орналасты.
Бұдан басқа, 800 адам жеке ісін ашу немесе кеңейту үшін шағын несие алды.