ҚАЗАЛЫДА ОҚУШЫЛАРҒА ТЕГІН КИІМ ҮЛЕСТІРЕТІН ДҮКЕН БАР
Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейде ашылған «Көкжиек» әлеуметтік қолдау орталығы балалар мен ата-аналарға зор қуаныш сыйлап жүр. №266 мектеп-лицейдің әлеуметтік педагогы Мұхтар Қазиевтің бұл бастамасы жыл басынан бері әлеуметтік қолдауды қажет ететін 50-ге жуық оқушыны тегін киім-кешекпен қамтамасыз еткен.
Қай істі қолға алсаң да алғашқы уақытта қиын болатыны белгілі. Бастапқыда оқушыларға қажетті киімдер кәсіпкерлердің қолдауымен сатып алынды. Кейіннен мектеп-лицейдің қызметкерлері үлес қосты. Мұнда оқушылардың аяқ киімінен бастап костюм-шалбар, белдемше, көйлектердің барлығы бар екен. Істің басы-қасында жүрген әлеуметтік педагог Мұхтар Қазиевтің айтуынша, бұл осы бөлменің үшінші мәрте толуы. Жақын арада бұл заттардан да ештеңе қалмайтын көрінеді.
Берекелі істің іске асуына бастамашы болған білім ордасының директоры Болат Жолтаев екен. Көп жылдық тәжірибесі бар басшы тұрмысы төмен отбасыларының балаларына бір ғана «Мектепке жол» акциясы аясында емес, жыл бойы қамқорлық жасалса артық етпейді деп есептейді.