ІСКЕРЛІК КИІМНІҢ НЕГІЗГІ ҰСЫНЫМДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іскерлік киімнің негізгі ұсынымдары туралы семинар өткізілді. Онда мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбетіне ерекше талап қойылатындығы айтылды. Ұсынылып отырған іскерлік стильдің басты қағидалары минималдылық, іскерлік ахуал барысында үйлесімді көріне білу болып отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімдері барынша осы көрсетілген ұсынымдағы талаптарды сақтауы керектігі айтылды.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері бірыңғай жаңа киім үлгісіне көшті.
Қазіргі таңда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қызметкерлері бірыңғай жаңа киім үлгісіне көшті.