ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ЖОБАЛАР ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Облыстық прокуратурада облыс прокуроры Х.Дәуешовтің төрағалығымен қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау саласы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстарға арналған алқа мәжілісі өтті. Онда бұл санаттағы қылмыстарды тіркеу мен тергеуде заң талаптарының сақталуы мәселесі де әңгіме болды.
Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, алқа мүшелері, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік құрылымдардың басшылары қатысты. Мәжілісте жасалған барлық қылмыстың 56%-ын ұрлық құрап, олардың топ болып жасалғаны 2 есеге (163-тен 311-ге), аса ірі мөлшердегі ұрлықтар 10,4 пайызға өскендігі анықталды.
Топ болып жасалған ұрлық қылмыстар барлық қала, аудандарда өсіп, Қазалы ауданында 13 есеге, Қармақшы мен Жалағашта 3 есеге жуық артқан. (Қызылорда 66-100, Арал 3-7, Жалағаш 8-20,, Қазалы 4-52, Қармақшы 8-22, Сырдария 16-37, Шиелі 17-28). Аса ірі мөлшердегі ұрлықтар әсіресе, Қазалы, Жалағаш аудандары мен Қызылорда, Байқоңыр қалаларында жиілеген.
Мысалы Қызылорда қаласы, Байтұрсынов көшесіндегі фото-бейне студиясынан құны 7 млн. теңгенің техникалық құрал-жабдықтары қолды болған. Күзетпен қамтамасыз етілмеген, дабыл жүйесі мен бейнекамера орнатылмаған нысанда ұрылар 2 сағаттан астам емін-еркін жүрген. Нысан иесінің бейғамдығынан қылмыс ашылмай, қылмыскер жазасыз кетіп отыр.
Дәл осындай өз мүліктеріне бейқам қарау 232 дүкен иесі тарапынан орын алып, жалпы құны 21 млн. теңгеден астам мүліктердің ұрлануына жол берілген.
Осы орайда облыс орталығындағы жеке меншіктегі нысандардың бейнекамерамен және дабыл жүйесімен қамтамасыз етілуі сырттай тексерілді. Оның қорытындысы жеке кәсіп иелерінің сақтық шараларына мән бермейтіндігін көрсетті.
Мысалы, Қызылорда қаласында 1063 сауда орындарының тек 149-ы немесе 14 пайызы бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Осыған байланысты облыстық прокуратура «Бейнекамера - қоғамдық қауіпсіздік кепілі» жобасын әзірлеп, тиісті шаралар белгіленді. Жоба мақсаты - бейнекамера санын арттыру арқылы қоғамдық орында жасалатын қылмыстармен қатар ұрлыққа тосқауыл қою.
Жоба шеңберінде қоғамдық орындарда, көшелерде көпшілік жерде орнатылатын бейнекамера санын 1000-ға жеткізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, мал ұрлығына тосқауыл қою үшін облыстың «Батыс Еуропа Қытай Батыс» күре жолы бойына орналасқан елдімекендерге кірер жолға бейне камералар орнату туралы бастама көтеріліп, бұл жөнінде облыс әкіміне хат жолданды. Бұл көліктерге тиеліп, Қызылорда, Түркістан, Шымкент асып кетіп жатқан ұрлықы мал
Мысалы, жыл басынан Жаңақорған ауданы Қожакент ауылындағы 11 тұрғынының 42 сиыры өрістен бір мезетте ұрланып, оларға 6 млн. теңгенің үстінде шығын келген.
Өзекті мәселенің тағы бірі – көпқабатты үйлерге магниттік есік жапқыштар (яғни домофон) қондыру.
Мәжілісте облыстық прокуратура әзірлеген «Полиция – халықпен бірге» атты жобасы жайлы да айтылды. Бұл жобаның басты мақсаты полицияны, оның ішінде учаскелік полицейлерді халыққа жақын етіп, сенімін арттыру.
Осы тұрғыда учаскелік полиция пункттерін тұрғын үйлердің төменгі қабатынан шығарып, көзге көрінетін, халыққа қол жетімді ғимараттарға көшіріп, оның жаңа нұсқасы жасалып, ұсынылды. Бұл бастама жөнінде де облыс әкіміне хат жолданды.