ЖАҢА ЗАМАН ПЕДАГОГЫ
Қызылордада қалалық білім бөлімі және облыстық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Жаңа заман педагогы» конкурсы өтті.
Конкурсқа № 267, №264 мектептер мен өнер мектебі, облыстық оқу-әдістемелік орталығындағы түрлі үйірмелер жетекшілері қатысты.
Тұсаукесер, зерттеу, педагогикалық шеберлік пен шығармашылық нөмір секілді төрт турдан тұратын конкурста қатысушылар өздерін әр қырынан байқатты.
Конкурстың Гран-при жүлдесі Сабыржан Кеңшілікке берілсе, бірінші орынға Ақтілек Темірбайұлы лайық деп танылды. Екінші орын Еркін Базарбаевта, ал үшінші орынды Айнұр Ерниязова мен Жансая Сұранғанқызы өзара бөлісті.