ЕЛІМІЗДІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОО-НА ҰБТ-ДА ЖОҒАРЫ БАЛЛ ЖИНАҒАН ТАЛАПКЕРЛЕР ОҚУҒА ТҮСУДЕ
ҚР Президентінің «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысына барған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбекова Семейде Медициналық университеттің Медициналық орталығының кардиохирургиялық бөлімінде, консультативтік-диагностикалық орталықта болып, медициналық университеттің жоғары курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуде Салидат Қайырбекова студенттерді даярлау сапасын арттырудың маңыздылығын атап көрсетті. «Денсаулық сақтау және медициналық білім - ең серпінді салалардың бірі. Онда ауруларды диагностикалау мен емдеу әдістері туралы ақпараттың 20 пайыздан астамы жыл сайын жаңарып отырады. Жаңа технологиялар енгізіліп, жаңа дәрілік препараттар шығарылуда. Осыған орай науқастардың денсаулығы мен өмірі үшін үлкен жауапкершілік жүктелетін дәрігерлерге қойылатын талап да арта түсті,»-деді ол.
Осыған орай бірінші вице-министр медициналық ЖОО мен колледждер түлектерінің және жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің білімдері мен машықтарын тәуелсіз бағалау институты енгізілгенін атап өтті. Мұндай бағалау симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, арнаулы қондырғылармен, манекендермен және муляждармен жарақтандырылған кабинеттерде өткізіліп, дәрігерлер өздерінің тәжірибелік машықтарын дәлелдейді.
Әңгіме барысында Салидат Қайырбекова ағымдағы жылы еліміздің медициналық ЖОО-на Ұлттық бірыңғай тестте жоғары балл жинаған талапкерлер оқуға түскенін айтты. Атап айтқанда, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ең төменгі балл 92 болды.
Оған қоса, биыл С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті базасында талапкерлерді психометрикалық сынақтан өткізу пилоттық жобасы іске асырылды. Мұндай сынақтар болашақта дәрігер болғысы келетін жастардың қаншалықты ауыртпашылықтарға төзе алатынын анықтау мақсатында өткізіледі.
Сондай-ақ, Салидат Қайырбекова жергілікті жерлерде мамандар жетіспеушілігі мәселесін шешуде қандай іс-шаралар атқарылып жатқанын баяндады. 2014 жылғы түлектерді жұмысқа орналастыру қорытындысында алдын ала мәліметтер бойынша медициналық мамандар жетіспеушілігі 30% төмендейді. Айта кететін жайт, салада мамандар негізінен ауылдық жерлерде жетіспейді. Осыған орай вице-министр студенттерді оқуларын аяқтаған соң ауылдық жерлерге жұмысқа баруға шақырды. «Ауыл – осында отырған көпшілігіміз үшін туып-өскен мекеніміз. Ана-ана, туған-туыстарымыз сонда тұрады. Сонымен қатар, ауылда жұмыс істеу жас мамандар үшін үлкен мектеп екенін де ескеру керек»,-деді ол.
Министр сондай-ақ, мамандардың біліктіліктерін арттыруға ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Республикалық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын мамандардың кем дегенде 20% оқыту қарастырылған, яғни 5 жыл ішінде еліміздің барлық медициналық қызметкерлерін ел ішінде, шетелдерге жіберіп немесе үздік халықаралық мамандарды шақырып, оқытып шығаруға болады. Соңғы 3 жыл ішінде республикалық ұйымдарда 100 мыңнан астам маман біліктіліктерін арттырды. Шетелдерге 600-ден астам отандақ маман оқуға жіберілді. Олар негізінен: Жапония, АҚШ, Германия, Франция, Дания, Кореяжәне басқа елдерге барып, білім алып қайтты.
Шетелдерден әр саланың үздік мамандарын елімізге шақырып, шеберлік-сыныптарын өткізу тәжірибесі кеңінен қолданылуда.
Қазіргі уақытта мамандарға біліктілік санаттарын беруде олардың тәжірибелік машықтарына ерекше көңіл аударылатын болған. Яғни, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін бағалауда олардың диагностика мен емдеудің озық әдістерін қаншалықты меңгергендері маңызды.
Жалпы, дипломнан кейінгі кезеңде мамандардың даярлықтарын арттыру бағытында қабылданып жатқан барлық іс-шаралар олардың кәсіби деңгейін арттырып, тиісінше халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін болады.
ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі