АУЫЗБІРШІЛІК ӘРҚАШАН АЛҒА БАСТАЙДЫ
Елбасымыз 1 наурызды – Алғыс айту күні деп жариялады. Осы орайда Мемлекет басшысы: «Мұндай кезде адамдардың бір-біріне алғысын білдіріп, өздеріне жасаған жақсылықтарды еске алуы аса маңызды. Бұл жақсылықты бағалай білуге, оған жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды.
Құндылықтардың қадіріне жете алған елдің келешегі кемел. Мен Алғыс айту күнін осындай мақсатпен белгіледім. Адамдар бүгінгі күні кемшіліктер болса, қатты сөздер айтылса, өкпесі болса кешіруі қажет» деген еді.
Сонымен қатар, 1 наурыз – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Қашанда адамдар арасында сыйластық, жарасымдылық, татулық, бірліктің болғаны қандай ғанибет. Жанашыр пейілге ризалық білдірсек жарасады. Осы орайда бір-бірімізге алғыс білдіріп, сыйластықты арттыра түскеніміз дұрыс. Бізді тарихтың тар жол, тайғақ кешуіндегі тағдыр тауқыметі тоғыстырды. Содан бері қанша уақыт өтсе де, мызғымас бірлікте күн кешіп келеміз. Әрдайым кеңпейілді қазақ халқына алғысымыз шексіз.
Татулық пен бірліктің символы – Қазақ жерінде тыныштық, бейбіт өмір мәңгілікке орнасын. Ауызбірлік бізді әрқашан алға бастайды.
Ашур ХАМИДОВ,
өзбек этномәдени бірлестігінің ардагері.