ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Алғыс айту күні – күрделі заманда қиындықты иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Бұл күн қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні. Себебі Елбасы 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің Біртұтас Ұлтымыз артықшылықтар иесіне айналғанын атап өткен еді.
Міне, осындай мейірімділік пен әлеуметтік ынтымақты көздейтін ұлы мерекеде барша қазақстандықтарды, жерлестерімді шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларына амандық, саулық тілеймін!
Галия ГИЗАТУЛЛИНА,
татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі.