БҮКІЛӘЛЕМДІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ
Жыл сайын 1 наурызда «Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» аталып өтіледі. 1931 жылы бірнеше мемлекеттердің ұсынысымен француз медициналық қызметінің генералы Жорж Сен-Поль Парижде барлық елдердің қауіпсіздік аумағын қалыптастыру үшін «Женева аумағы ассоциациясын – «қауіпсіздік аумағын» құрады. Ассоциация негізінде «Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы» (International Civil Defence Organisation, ICDO; қазақшасы. — ХАҚҰ) құрылды. 1972 жылы ХАҚҰ үкіметаралық ұйым мәртебесіне қол жеткізді. Қазіргі уақытта 53 ел ХАҚҰ мүшелері болып саналады. 16 мемлекет бақылаушы құқығына ие, сонымен қатар 15 ұйым ХАҚҰ-ның ассоциациялық мүшесі болып табылады. «Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» 1990 жылы белгіленген болатын, оны ХАҚҰ-на мүшелігіне өткен елдердің барлығы азаматтық қорғаныс жөніндегі білімдерін нығайту және ұлттық құтқару қызметінің деңгейін көтеру мақсатында атап өтеді. 1 наурыз күні кездейсоқ таңдала салмағаны белгілі. Осы күні 18 мемлекет қолдаған ХАҚҰ Жарғысы күшіне енді.
ХАҚҰ аясында төтенше жағдай кезінде басқару, мемлекетке төтенше жағдайдың алдын алу жүйесінің құрылуы мен жүзеге асырылуы және халықты қорғауда техникалық көмек көрсету, азаматтық қорғаныс саласындағы тәжірибені насихаттау мәселелері реттеледі. Мамандарды дайындау Швейцариядағы Азаматтық қорғаныс оқу орталығында жүзеге асады.
Қазақстан елі Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымына 1997 жылы кірді, оның ХАҚҰ-да тұрақты хатшылығында өкілдері жұмыс істейді және осы ұйым өткізетін барлық негізгі іс-шараларға қатысады.
Жыл сайын «Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» нақты ұранмен аталып өтіледі. Биылғы жылғы таңдалған тақырып: «Азаматтық қорғаныс апаттарға қарсы» деп аталады. Жалпы Қызылорда облысы бойынша 15 түрлі азаматтық қорғау қызметтері бар.
Қызылорда облысы ТЖД