ОҢТҮСТІК ӨҢІР ТЕМІРЖОЛШЫЛАРЫ ЖОЛДАУДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жол бөлімшелерінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру жиындарын өткізді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы республиканың теміржол көлігі саласы еңбеккерлеріне зор міндеттер жүктейді. Біздің әрқайсымыз Президент қойған тапсырмаларды тыңғылықты орындауымыз керек. Саланың дамуы Қазақстан экономикасын серпінді дамуға бастайтын тегершіктің бірі»,-деп атап өтті А. Сұлтанов.
Ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның тасымалдау үдерісін автоматтандыру, саланы техникалық және технологиялық жарақтандыру, Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеру және Шығыс-Батыс бағдарындағы контейнерлік тасымалдауды арттыруды Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жүзеге асырудағы бірінші басымдық ретінде атап өтті.
«Мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды орындап, стратегиялық мақсаттарға жету, «ҚТЖ» ҰК" АҚ көліктік-логистикалық холдингінің сапалы және тиімділікке қол жеткізуі - Компаниядағы әрбір еңбеккердің белсенді жұмысына байланысты»,-деп атап өтті А. Сұлтанов.
Вице-президент экспорттық тасымалдаудағы уақытты азайту мен жеткізу бағасын түсірудің кешенді шаралары туралы да айтты. Бұл отандық компаниялардағы бизнес жүргізу жағдайын жеңілдетуге әкеледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ дара экспорттық контейнерлердің ел аумағы арқылы кесіп өту мерзімін 5-күннен 2-тәулікке дейін шектеді. Бұл арқылы 40 пайыздық қосымша жүк тасымалдау мүмкіндігі ашылды. Бұл іс жалғасын табады.
Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік қамту жайына да көп көңіл бөлінген. Жиналған теміржолшылардың назары білім беру сапасын көтеру, денсаулық жүйесін жетілдіруге ауды. Компания өз кезегінде еңбеккерлердің материалдық ынталандыру үшін сала мамандарының айлық жалақысын бес пайызға көтеру туралы да айтылды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ келісілген Ұжымдық шартқа орай Компанияның еңбек ұжымын толық әлеуметтік пакетпен қамтиды»,-деп атап өтті «Қазпрофтранс» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов. Оның сыртында компания саладан зейнетке шыққан жандардың «Тұлпар-Тальго» пойызымен жүруін тегін етуді ойластыруда.