БИЗНЕСКЕ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Қызылордада «Жаңа бизнес ашуды қолдау» оқыту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. «Жаңа бизнес ашуды қолдау» табысты іске айналатын Стартап жобаларын құруға, сондай-ақ бастауыш кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Қатысушылар кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрену үшін облыстың барлық өңірінен жиналды. Бизнес бастауға ұмтылғандар осылайша бір алаңда бас қосты.
Семинарға Астана қаласынан шақыртылған бизнес-тренер қатысушыларға шағын және орта бизнес құру бойынша өз біліктілігімен бөлісті. Семинар барысында практикалық жаттығулар қолданылып, соның көмегімен қатысушылар кәсіпкерлікке машықтанды. Қатысушылар топпен бірге және жеке-дара да жұмыс жасауды үйренді.
Бизнес-тренердің тапсырмасы бойынша қатысушылар алты топқа бөлініп, өздері құрған бизнес-жоспарларын инвесторлар алдында таныстырды. Болашақ кәсіпкерлер ұсынған бизнес-идеялар түрлі бағытта ұсынылды, бірі мал шаруашылығымен айналысып, сүт өнімдерін шығаруды қаласа, өзгесі қызмет көрсету саласын қолға алғысы келетінін жеткізді.
Идеялар кезең кезеңмен жүзеге аса бастады. Үш күндік оқыту семинарының соңында қатысушылар тарапынан өз бизнесін заңды түрде тіркегендері де табылды. Бірден 8 қатысушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өтсе, 2 кәсіпкер жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды. Стартаптың қаржы көздеріне қолжетімділігін арттыру мақсатында «Даму» Қорының менеджерлері бизнес бастау мен оны дамытуға жеңілдетілген несие алу механизмін және қайтарымсыз грантқа қол жеткізу жолдарын түсіндіріп өтті.
– Мен колледжде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет етемін, ендігі жерде алған білімімді іске қолданып, өзімнің жеке балабақшамды ашсам деген жоспарым бар. Осы жобаға қатыса отырып, кәсіпкерлік психологиясынан бастап, бизнес-процесс құруға дейінгі көптеген маңызды ақпараттар алдым,-дейді жоба қатысушысы Ғалия Асанова
Жоба аясында әрбір бастауыш кәсіпкер өзі үшін табысты бизнес құрудың негізі болатындай қажетті ақпараттарға қол жеткуге мүмкіндік алды.