МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ ЕЛДІ БІРІКТІРЕДІ
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, Қызылорда облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Әскери полиция қызметкерлері, Қызылорда облысы бойынша Сот сараптама институтының сарапшы мамандары қатысты.
Қазақстан Мемлекет басшысының 2011 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты. Шарада осы бағдарлама жайлы ойын білдіргендер тіл саясаты елді біріктіруші күш екендігіне ерекше тоқталды.
Дөңгелек үстел мемлекет тілдің қолданылу аясын кеңейту бағытында пікір алмасумен аяқталды.