626 ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында бірлескен іс шаралар жоспарына сәйкес өткен жылы 1070 рейд ұйымдастырылып (92 бірлескен рейд), 626 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 72-сі аңшылық, 17-сі орман, ал 537 –сі балық аулаудағы заң бұзушылықтар болып отыр.
Рейдтер қорытындысымен 604 хаттама толтырылып, әкімшілік іс қозғалса, оның 73-і сотқа жолданған. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Марат Нұрмағамбетов хабарлады.
Оның айтуы бойынша әкімшілік істер бойынша барлығы 602 адам жауапқа тартылып, 5 млн. 737,3 мың теңге айыппұл салынған. Оның 5 млн. 599,4 мың теңгесі (98 %) өндірілді. Табиғатқа келтірілген залал 1496,6 мың теңгеге жетіп, өндірілуі 98,5 пайызды құрап отыр. Жыл бойына 22 факті бойынша жинақталған құжаттар ІІБ-не жолданып, қылмыстық іс қозғалды.