КӘСІБИ БАҒЫТ ЖАЙЛЫ ТҮСІНДІРМЕ ЖАСАДЫ
Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 4 курс курсанты Ө.Мүбәрак пен Беларусь Республикасының ТЖМ Азаматтық қорғау университетінің 4 курс курсанты Н.Нысанбаев Көкшетау техникалық институтына үміткерлерді шақыру мақсатында Жаңақорған ауданы мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына насихат жұмыстарын жүргізді.
Ауданның білім бөліміне қарасты 7 орта мектептің 373 оқушысы мен Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің 403 студентіне ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының тыныс - тіршілігі жайында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, жадынамалар таратылды.