ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ СІЗ НЕ БІЛЕСІЗ?
Бүгінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті - бұл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары құрылымдарының ішіндегі күнделікті, тіпті минут сайын дайындықты қамтамасыз ететін, төтенше жағдайдың алдын алатын, талдайтын, техногенді және табиғи сипаттағы апаттардың орын алуын сараптайтын құрылым. ҚР ІІМ ТЖК қызметінің негізгі міндеті қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әрбір азаматтық қорғалуы үшін жағдай жасау болып табылады.
2017 жылдың қаңтар айында Қызылорда облысы ТЖД Бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасының «112» бекетіне 28211 рет қоңырау түскен. Авариялық-құтқару қызметтері 20 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялаған. 14 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген, авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге 74 рет шыққан.
Құтқарушы мамандығы — әлемдегі ең қауіпті мамандықтың бірі. Ол үшін альпинистік қасиетінің болуы шарт, жылжымалы сатымен жүруді білуі керек, газ-қағарды пайдалана білуі, қою түтінде жүре алуды меңгеру қажет. Құтқару және дер кезіндегі көмек көрсету мақсаты олардың алдында күн сайын тұрады. Құтқарушыларға шытырман жағдай кәдімгі күнделікті күннің бірі болып табылады. Аталмыш мамандықтың иесі кең ой-өрісті, терең кәсіби білімді болуы керек, оның ішінде кәсіби маман құрылысшылар, технологтар, құрастырушылар және басқа да жоғары білікті мамандардан білімі кем болмауы қажет.
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында Қызылорда қаласында орталық алаңда «Әрбір үйге қауіпсіздік» эстафетасы қабылданып, «Төтенше жағдай қызметі туралы сіз не білесіз?» атты акция ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шарада құтқару техникалары көрсетілді. Құтқарушылар оқиғалар мен төтенше жағдай кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге пайдаланатын автомобильде жабдықталған авариялық-құтқару құралдарын көрсетті. Одан соң қатысушыларға әр түрлі өрт сөндіру автокөліктерін көрсетті. Оларға өрт сөндіру техникалары туралы кең ауқымда әңгімеледі.
«ӨСжАҚЖҚ» ММ жеке құрамының су беру арқылы жауынгерлік қанат жаюы болды. Іс-шара барысында адам құтқару барысындағы жедел қызметтермен тығыз қарым-қатынас барысы пысықталды.
Одан соң ҚР ІІМ ТЖК курсанттары мен «Абылай хан» атындағы колледждің студенттерінің флешмоб көрінісі тамашаланды. Олар «101», «112» нөмірлерін бимен және плакатпен көрсетті. Сондай-ақ іс-шарада Қызылорда облысы ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі «112» нөмірі туралы, департамент тарихы туралы халыққа ақпарат оқылды. Оған құтқару техникасы және Төтенше жағдайлар департаментінің және оның бөлімшелерінің 50 қызметкері қатыстырылды.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы