КӨКТЕМДЕ АҢ АУЛАУҒА САЛЫНҒАН ТЫЙЫМ ТАЛАПТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында «Дөңгелек үстел» өтті. Онда инспекция басшысының міндетін атқарушы Марат Нұрмағамбетов өткен жылғы атқарылған жұмыстарды саралап, көктемгі аң аулауға тыйым салынғанын жеткізді.
Аталған инспекция жергілікті атқарушы органдармен, оның ішінде прокуратура және «Нұр Отан» партиясымен бірлескен жоспарға сәйкес жұмыстар атқарып келеді. Мәселен, облыстың мемлекеттік орман қоры жерінің аумағы 6506,7 мың гектарды құраса, оның орманмен көмкерілгені – 3017,7 мың гектар. Орманды жерлердің 2550,7 мың гектарын, яғни 89 пайызын сексеуіл алқаптары құрайды. Өткен жылы орманды қалпына келтіру жұмыстары толығымен орындалыпты. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен Арал теңізінің кепкен ұлтанына тұқымнан себілген сексеуіл көлемі – 2000 гектар, көшеттен отырғызылғаны – 3000 гектарға жеткен. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде 3700 га жерге сексеуіл тұқымы себіліп, 2007 га жерге табиғи өскіндердің көбеюіне жұмыстар жүргізілді.
Жануарлар дүниесіне келетін болсақ, былтыр облыстағы 36 аңшылық алқаптың 31-і облыс әкімінің шешімімен 28 пайдаланушыға бекітіліп берілді. Ал, осы жылы Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау ассоциациясы 300 мың гектар жерге аңшылық шаруашылықтарын ашуды жобалап отыр. Облыс аумағында балық шаруашылығы үшін 184 су айдыны мен Кіші Арал теңізі және Сырдария өзені қолданылады. Өткен жылға бөлінген лимит көлемі 7992 тонна 508 келі болса, ол жыл көлемінде 99 пайызға игерілген.
Былтыр ел аумағындағы аң аулау қағидаларына сәйкес, көктемгі мезгілде аталық үйректерді, жылқышыны, саңырау құрды және құрды құсойнақ кезінде аулауға рұқсат берілген болатын. Айта кетейік, көктемгі аң аулауға ресми түрде үйрекке рұқсат етілген лимит 5 пайыздан артық болған емес. Марат Нұрмағамбетовтың айтуынша, аңшылардың басым бөлігі табиғатқа жаңашырлықпен қарамайды. Осы жағдайды ескере отырып, биыл көктемгі аң аулауға тыйым салынып отыр. Өйткені, құстың ұя салуы кезінде репродуктивтік жағынан бағалы аталықтар атып алынады да, гендік қоры нашарлайды. Оның үстіне, жыл сайын аңшылық ұйымдарға мүше болғандар қатары да көбейіп келеді. Мұнан бөлек, браконьерлік жолмен табиғат байлығына залал келтіретін жағдайлар да кездеседі. Бұл мәселе жабайы құстардың саны азаюынан туындап, көктемгі аң аулауға тыйым салу арқылы оларды көбейтуді талап етіп отыр.