БАЙҚОҢЫРДА СЕМИНАР-САБАҚ ӨТТІ
Байқоңыр қаласында «Жаңа қабылданған қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заң нормаларының қолданылуы» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар сабағына Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев, ҚР Байқоңыр қаласындағы құқық қорғау органдарының және РФ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Сабақты Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев ашып, «ҚР жаңа қылмыстық заңының кейбір құқықтық актілері» тақырыбында баяндама оқыды.
Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев «Ерекше іс жүргізу. Есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүрзігу және қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, семинар сабағында жоспар бойынша қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, оқылған баяндамалар бойынша әр қайсысына жеке-жеке талқылаулар жасалып, пікірлер айтылып, қорытынды ұсынымдар жасалды.
Байқоңыр қалалық соты