ШҰҒЫЛ ШАРА ҚАБЫЛДАНДЫ
Апатты деп танылған Тасбөгет кенті, Жүнісбаев көшесі №16 үй тұрғындары қауіпсіз орынға көшірілді.
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында аталған үйдің адам тұрмайтын бөлігіндегі кіреберісі (подъезд) және бұрышы (бірінші қабаттағы пәтер бұрышы) жауын-шашынның әсерінен мүжіліп түскен. Қалған тұрғындар пәтер кезектілігінің келуіне байланысты көшіп кеткен.
Кент әкімдігі және тиісті сала мамандары шұғыл шаралар қабылдап, апаттық үйдегі төрт отбасын оқиға орнынан оқшаулады. Зардап шеккендер жоқ.
Тасбөгет кенті, Жүнісбаев көшесі №16 үй 1960 жылы салынып, пайдалануға берілген. Үй - 2 қабатты, 8 пәтерден тұрады. Жалпы ауданы – 385,6 шаршы метр.
Үй 2014 жылғы 13 мамырда «KZ Стройэксперт» ЖШС-нің қорытындысы бойынша аппаттық жағдайда деп танылған.
Аталмыш пәтер иелері жалғыз баспанасы апатты деп танылған тұрғындарға арналған кезектілікте тұр. Алдағы уақытта заңдылыққа сәйкес, кезектілік ретімен тұрғын үймен қамтылатын болады.
Тұрғындардың кезектілік реттілігі:
1) Томаров Қуанышбек – кезектілік реті - 78
2) Көптілеуов Оңталап – кезектілік реті - 215
3) Төремұратұлы Нұрмухамет – кезектілік реті - 219
4) Тахаев Ғалымжан – кезекке тұруға құжаттар жинақтауда.
Қазіргі таңда тұрғындар қауіпсіз орынға уақытша қоныстандырылды.
Ал, Жүнісбаев көшесі №16 үй тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында толықтай бұзылды.
Мәселе қала әкімінің тікелей бақылауына алынған.