ӘЙЕЛ - ТІРШІЛІКТІҢ ГҮЛІ
Қаладағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы Халықаралық аналар мерекесіне орай Н.Бекежанов атындағы драма театрында «Әйел - тіршіліктің гүлі» атты концерт ұйымдастырды. Концертке 400-ге жуық ата-ана, мектеп ұстаздары мен оқушылары және іскер әйелдер қауымынан қонақтар қатысты.
Шет елден келген мұғалім Рони Рустияның мектеп оқушысымен бірге ұлт аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен орындаған «Анашым» әні көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Шетелдік маманның қазақ тілінде ән шырқауын ана тілімізге, ұлттық өнерімізге деген құрмет деп қабылдаған тыңдарман ілтипатпен қол соқты.
Сондай-ақ, концертте 50-ге жуық оқушыдан құралған хор «Слушай» әні мен «Ана туралы жырды» ерекше тебіреніспен орындап шықты.
Концерт соңында шәкірттерін шыңға бастаған, ұжымын жұмылдыра білген, білікті басшы, тәжірибелі ұстаз, мектеп басшысы Бақыт Жұматай әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, оларға мектеп басшысы атынан ықылас гүлі табысталды.