ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Бақытжан Қалымбет Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 ақпандағы №426 Жарлығымен тағайындалған Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы Әбу Айбек Кеңесұлын ұжымға таныстырды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Қалалық №2 соттың жаңа төрағасын ұжымға таныстыру барысында Бақытжан Қалымбет Айбек Кеңесұлының кәсіби судья, тәжірибелі басшы екендігін атап өтті. Осы уақытқа дейін ол Павлодар облысының Екібастұз қалалық сотының судьясы, сондай-ақ, Қызылорда қалалық сотының судьясы, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.