ТӨТЕНШЕЛІКТЕР «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІН ӨТКІЗДІ
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылуына 85 жыл толуына байланысты жақында Жаңақорған ауданының №10 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында «Ашық есік» күні өткізілді. «Ашық есік» күніне Жаңақорған кентінде орналасқан №163, 56 және 169 орта мектептерден барлығы 57 оқушы қатысты. Іс-шарада 1 наурызда Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысы күшіне енгенін, оны 18 мемлекет мақұлдағаны айтылды. Жарғының негізгі мақсаты - дүлей зілзалалар мен техногендік апаттар кезінде көмек көрсету екені оқушыларға түсіндірілді.