ЖАЛАҒАШТА ЖАЙДАРМАНШЫЛАР ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Жалағаш ауданы жастары парламентінің және М.Байділдаев атындағы №232 орта мектебінің ұйымдастыруымен Еңбек ауылдық округінің мәдениет үйінде "Көңілді старт" атты Жайдарман ойыны болып өтті. Жайдарманға Бұқарбай батыр, Аққұм, Мәдениет, Ақарық, Еңбек ауылдық округтерінен 6 команда қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды - Еңбек ауылдық округінің "Жас Түлек-2017" жайдарман тобы, ІІ орынды - Бұқарбай батыр ауылдық округінің №33 орта мектеп жастары, ІІІ орынды - Мәдениет ауылдық округінің ММJ жайдарман тобы иеленді. "Үздік ойыншы" номинациясымен Бұқарбай батыр ауылдық округінің №33 орта мектеп жастары командасының мүшесі Ғасырбек Өмірбаев, Аққұм ауылдық округінің "Baby house" командасының мүшесі Әділет Қожантай иеленді.