ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫНА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ КЕШ
Қазалы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Туған өлке - тұнған шежіре» атты тарихи-танымдық кеш болып өтті. Қазалы – Сыр бойындағы ескі тарих пен рухани қазынаға бай өлке. Тамырсыз ағаш, тарихсыз ел болмайды. Әйтсе де, әрбір өлкенің өзіндік тарихи-мәдени ерекшелігі, сара жолы болады.
Қазалы – батырлар мен би-шешендердің елі. Өз заманынан озып туған мемлекет және қоғам қайраткерлері де Қазалыдан көптеп шыққан. Қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар, із қалдырған тарихи тұлғаларымыздың атын мақтанып та, марқайып та айта жүрсек ол кейінгі ұрпақ үшін тәлім-тәрбие де, өнеге де болмақ. Кештің мақсаты жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу болды.
Кешке ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазалы ауданының "Құрметті азаматы" Нұрсұлтан Мұратбаев, кітапхананың тұрақты оқырманы Қадірбек Бекетов, "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұрбибі Әшір, ұстаз ардагер Бақи Қалибек, аудандық оқушылар үйінің қызметкері Жанат Әлішева, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Бекзат Қазиқызы, "Қазалы" газетінің тілшісі, ақын Алтын Қосбармақова қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Шара барысында тарихтан сыр шертетін шығармалардан қойылымдар қойылып, жыр-термелер орындалды.