ПАЛАТА КӘСІПКЕРГЕ ЖЕР ТЕЛІМІН ЗАҢДАСТЫРУҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
Жақында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына жеке кәсіпкер Санжар Жұбаниязовтан кәсіпкерлік үшін жер учаскесін қысқа уақытта заңдастырып алуға көмек көрсеткені үшін алғыс білдірген хат келіп түсті, деп хабарлайды облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Аукцион арқылы жеңімпаз болып танылғанымен жер учаскесін заңдастырып, меншігіне тіркеу барысында кедергіге ұшыраған кәсіпкер шарасыздықтан өңірлік Кәсіпкерлер палатасына жүгінген болатын. Палата сарапшылары кәсіпкердің аз уақыттың ішінде жер учаскесін заңдастыруына қол жеткізді.
Былтыр шілде айында қалалық жер қатынастары бөлімі жариялаған аукционның қорытындысы бойынша жеке кәсіпкер Санжар Жұбаниязов жеңімпаз деп танылып, келісім-шартқа отырады. Ол Қызылорда қаласы, Мерей мөлтек ауданындағы жер учаскесін спорт алаңы құрылысын салу мақсатында алып, жалға алу құны 738 758 теңге (жеті жүз отыз сегіз мың жеті жүз елу сегіз) ақша төлеген.
Алайда бұдан кейінгі 7 ай көлемінде қалалық жер қатынастары бөлімінен заңдастыруға қажетті құжаттарды ала алмай, тиісті құрылыс жұмыстарын мерзімінде бастай алмайды. Бөлім қызметкерлеріне бірнеше рет хабарласып, барып құжаттардың дайын болу мерзімін сұрағанымен, тұщымды жауап болмаған. Әр кабинеттің есігін қағып шаршаған кәсіпкер Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрайды.Палатаның жобаларды сүйемелдеу бөлімі мамандары мәселені зерттеу барысында тіпті кәсіпкерге берілуге тиіс құжаттардың әзірленбегені де анықталды.
Палата мамандарының араласуынан кейін мәселе оң шешімін тауып, кәсіпкер 1 айдың ішінде тиісті құжаттарын ала алды. Осы ретте, кәсіпкер «Өңірде өз ісін ашу арқылы экономикамызды дамытуға үлес қосқысы келетін мен сияқты азаматтарға көмек көрсетіп отырған Палатаның білікті мамандарына айтар алғысым шексіз. Мәселем жедел әрі оң шешілді», - дейді.