ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚБӨКЕНДЕРГЕ ҚАУІП ТӨНБЕЙДІ
Монғолиядағы ақбөкендердің жаппай індетке ұшырауы Қазақстанда мекендейтін жануарларға қауіп төндірмейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апта сайынғы брифингі барысында Ауылшаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Жасұлан Әбдіхалық хабарлады.
«Монғолияда орын алған ақбөкендердің індеттері Қазақстан үшін қауіпті емес. Бұл ақбөкендердің түрлері біздің елдің аймағында қоныс аудармаған. Қазіргі таңда тек Ресей мен Өзбекстан аумағынан ақбөкендер қоныс аударуда»,-деді ол.