«АЙГӨЛЕКТЕ» МЫҢ БҰРАЛДЫ БИШІЛЕР...
«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» - деп педагог В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбиеде өнердің алар орны үлкен. Сол өнердің бірі – би өнері. Шара апамыз көздiң қарашығындай сақтап, тiрнектеп жинаған iнжу-маржан дүниелерiн қайта жаңғыртып, тәуелсiз елдiң игiлiгiне айналдыру бүгiнгi бишiлерге парыз. Осы бағытта жастарды би әлемін түсініп қабылдауға баулу, эстетикалық сезімталдығын қалыптастыру мақсатында аудандық мәдениет орталығында «Айгөлек» атты аудандық бишілер байқауы өткізілді.
Байқауға барлық ауылдық округтер бойынша кіші және үлкен топтардан 20-ға тарта би ұжымдары қатысты. Олар ұлттық және еркін тақырыптағы билерді орындады. Би өнері көрермендерге жағымды қуат беріп, ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күй сыйлады. Арнайы бекітілген қазылар алқасы тақырыптың ашылуына, орындаған би мағынасының толық суреттелуіне және бидегі ырғақтықты сезінулеріне, қимылдың бір уақытта бірдей қайталануына, үзіліс пен екпін түсірулеріне назар аударды.
Нәтижесінде кіші топ бойынша бірінші орынды аудандық оқушылар үйі жанындағы «Балдырған» би тобы иеленді. Екінші орын Қ.Пірімов ауылынан қатысқан «Балауса» мен Ғ.Мұратбаев ауылынан келген «Қызғалдақ» тобында. Үшінші орынды Қазалы қаласындағы №17 мектеп жанындағы «Жұлдыз», Өркендеу аулынан қатысқан «Жауқазын», Бірлік ауылының «Сарбаздар» би тобы иеленді.
Үлкен топ бойынша бірінші орынды аудандық оқушылар үйі жанындағы «Қыз Жібек» би тобы, екінші орынды Қожабақы ауылынан «Балауса» би тобы және Әйтеке би кентіндегі №165 мектептің «Ару» би тобы алды. Үшінші орынға Майдакөл ауылынан қатысқан «Інжу» би тобы, Жанқожа батыр ауылдық «Өрнек» би тобы, Қазалы қаласындағы №95 мектептің «Томирис» би тобы лайық деп танылды. Сонымен қатар, байқауға қатысып өз өнерлерін ортаға салған бірқатар би ұжымдары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.