ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒАРЫШ СТАНСАСЫНА ЖАҢА СКАФАНДР ЖЕТКІЗІЛДІ
Орбитада жұмыс істеп жатқан ресейлік ғарышкерлер Халықаралық ғарыш стансасына жеткізілген «Орлан-МКС» жаңа буын скафандрын алды, деп хабарлайды ресми ақпарат көздері.
«Прогресс МС-05» ғарыш жүк кемесі сәтті ұшырылғаннан кейін «Энергия» ресейлік ғарыш корпорациясы Халықаралық ғарыш стансасына жеткізілген жүк жайында мәлімет таратты. Жүк кемесі орбитаға адамның тіршілік етуіне қажетті түрлі құрал-жабдықтар жеткізді. Сонымен қатар ғарышкерлер тамақ пен жаңа піскен жеміс-жидек те алды.
Ғылыми зерттеу және тәжірибе жүргізуге қажетті құралдар да ғарышкерлердің қолына тиді. Мұнан бөлек, ғарышқа 159 келі америкалық құрал-жабдық та жеткізіліп отыр.
Айта кетерлігі, ғарышкерлер «Орлан-МКС» скафандрын айрықша күткен болатын. Өйткені, бұған дейін ғарышқа жіберілген жаңа скафандр 2016 жылдың 1 желтоқсанында «Прогресс МС-04» ғарыш жүк кемесінің апатқа ұшырауына байланысты жоғалған еді. «Қазіргі уақытта ресейлік скафандрлар ашық ғарышқа 15 рет шығуға ғана жарамды болса, «Орлан- МКС» скафандры ашық кеңістікке 20 рет шығуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар скафандрдың «миы» - компьютері мен оның жұмыс бағдарламасы да өзгертілген», - деді «Энергия» ресейлік ғарыш корпорациясы мамандары.