ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙНЕРОЛИК ЖАСАДЫ
Күн қабағы сынып, көктемнің де лебі сезіле бастады. Дария арнасын құрсаған мұз ери бастаған дәл осы кез тұрғындар үшін аса қауіпті саналады. Осыған орай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жетел құтқару жасағы» мекемесі «Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтайық» және «Автокөлікпен мұзда жүру қауіпті» атты тақырыпта әлеуметтік бейнеролик әзірлеп шығарды.
Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының көмегімен әзірленген бейнероликтер қазір «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасынан көрсетіліп жатыр.
Бейнероликтерді біздің бейнебаяннан көріңіздер. (1. Автокөлікпен мұзда жүру қауіпті!, 2. Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтайық!)
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы
Бейнероликтерді біздің бейнебаяннан көріңіздер. (1. Автокөлікпен мұзда жүру қауіпті!, 2. Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтайық!)
Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы