ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОЛЫНДА
Облыстық ішкі саясат басқармасының бастамасымен Қызылорда Азаматық Альянсының ақпараттық-ресурстық орталығында «Қазақстан демократиялық даму жолында» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға қатысушылар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен билік өкілеттіліктерін бөлісу жайлы Үндеуін талқылады. ҮЕҰ жайлы заңға ұсынылған өзгерістер жайлы пікір бөлісті.
Дөңгелек үстелге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов, «Ауыл» ХДПП облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қанат Бегалиев, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ербол Құлмырзаев пен ҮЕҰ жетекшілері қатысты.
Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығының жетекшісі Ақтолқын Сунгур Елбасының билік өкілеттіліктерін бөлісу жайлы Үндеуі мен Жолдауына қатысты пікірін білдірді.
- Биылғы Жолдаудың жаңалығы көп. Бұл елімізді жаңа бағытта дамытудың негізі болмақ. Сонымен қатар Елбасы Үндеуіне орай Конституцияға енгізілер өзгерістерді де ел елеңдеп күтіп отыр,-деді қауымдастық жетекшісі.