ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАУЫН ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жауын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп күтілуде. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Атап айтсақ, «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сондай-ақ түнде Жамбыл, Алматы, күндіз Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді деп болжануда. Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жел соғады. Бұған қоса, таяу күндері Батыс Алтайдың (Бұқтырма, Оба, Үлбі және тағы басқа) жекелеген өзендерінде жауын-шашынға байланысты су деңгейі көтеріледі. Ертіс өзенінде Шүлбі су қоймасынан төмен қарай су деңгейінің ауытқуы байқалады.