"ҚАЙСАР" ЖУРНАЛИСТЕРДІ АККРЕДИТАЦИЯЛАУДЫ БАСТАЙДЫ
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Ақпанның 20-нан бастап «Қайсар» футбол клубы команданың өз алаңындағы ойындарына бұқаралық ақпарат құралдарын аккредитациялау кезеңінің басталғанын хабарлайды. Өтініштерді қабылдау мерзімі ақпанның 28-іне дейін жалғасады.
Аккредитация тәртібі:
Аккредитациядан өтіп, арнайы бейдж алу үшін клубтың медиа-офицерінің электронды поштасына (bolat.k.b@mail.ru) редакция жетекшісінің қолы қойылып, мөрі басылған өтінішті жолдауларыңыз қажет. Өтініште журналистердің аты-жөндері, телефон нөмірлері және аккредитация түрі (фото-оператор, бейне-оператор, тілші) көрсетіліп, оған 3x4 фотосуреті тіркелуі тиіс.
Аккредитацияның артықшылықтары:
- Ойынның бастапқы хаттамасы;
- Матч соңындағы баспасөз мәслихатына қатысу құқығы;
- Клуб баспасөз қызметінің келісімі бойынша микс-алаңда ойынның қатысушыларынан сұхбат алу мүмкіндігі.
Ескерту: Аккредитациялық бейдждер стадионға кіруге құқық бермейді. Стадионға кіру үшін БАҚ өкілдеріне арнайы абонементтер бөлінеді.
Аккредитациялық өтініштерді қабылдамау және аккредитацияның күшін жою жағдайлары:
• Егер журналист өтінішті өткізу тәртібін сақтамаса;
• Егер журналист жұмыс орнын ауыстырса (мұндай жағдайда редакция қызметтен босаған журналисті басқа тілшіге алмастыра алады);
• Егер аталмыш бұқаралық ақпарат құралы өз жұмысын тоқтатса;
• Егер журналист клубтың жұмыстарына нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын, клуб қызметкерлерінің құқығын аяқ асты ететін мәліметтерді таратса;
• Матч кезінде стадион ережесіне және матчтан кейін баспасөз мәслихатының ережесіне бағынбаған жағдайда;
клуб әкімшілігінің журналистерді аккредитациядан өткізбеуге құқығы бар
Туындаған сұрақтарға байланысты 87007770484 нөміріне хабарласуларыңызға болады.