МАСЛЕНИЦА – ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ
Достық үйінде «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Масленица» мерекесі өтті. Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған, бір апта бойына жалғасатын мереке. Шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Ләйлә Төрешова, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктің мүшелері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады. «Халқымыздың «Ырыс алды – ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың мән-мағынасын ұғынған әртүрлі этнос өкілдерінің мейрамдары біздің өңірде жыл сайын тойланады. Егемендігіне 25 жыл толған Қазақ елі қашаннан да бауырмал халық. Бүгін елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Бүгінгі Масленица мерекесі баршаңызға құтты болсын»,- деді.
Мерекеде облыстық ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешованың атынан «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігі мен олардың шараларында әрдайым белсенділік танытып жүрген орта мектептер алғыс хаттармен марапатталды.
Әсем ән де, ұлттық киімдермен жасанған өнерпаздардың мың бұралған билері де бұл күннің шырайын келтіре түсті. Шарада «Анар бэби» және «Сударушки» вокалды ән тобы өнері тамашаланды. Ал, Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамы құймақ тұрғындарға тегін таратылды. Шеңбер пішіндес құймақ күн бейнесін кескіндеп, көктем мен жылылықтың символын, мерекенің бұлжымас белгісін айшықтап тұрғандай көрінеді. Спорттық ойындар ұйымдастырылып, қуыршақты жағу рәсімін Достық үйінің алаңында көпшілік қызыға тамашалады.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі