ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ҮШІН ГАРНИЗОНДЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін Жергілікті полиция қызметі ғимаратының алаңында полицияның кешенді күш-құралдарының, жеке құрамының және Ұлттық Ұланның қатысуымен гарнизондық жиын өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің саптық жарғы ережелерін меңгеруін, қызмет атқаруы үшін қажетті қару-жарағының, қызметтік куәліктерінің ереже талаптарына сай болуын тексеру болып табылады.
Іс-шараға Ішкі істер департаментінің барлық басқарма басшылары, қызметкерлері қатысты.
Гарнизондық жиын барысында жеке құрамды бұйрықтармен таныстырып, қызметке әзірлігі, қару-жарағы мен қызметтік куәліктерінің ереже талаптарына сай болуы тексерілді.
Одан әрі жиын халықтың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосқан күзет ұйымдарының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсіміне ұласты. Айта кетерлік жайт, қылмыс пен құқық бұзушылықпен қарсы күресте, оның алдын алуда жыл басынан күзет ұйымдары полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыстар атқарып, нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізді.
Гарнизондық жиын жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі