МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАДАН КЕЙІН ПАРЛАМЕНТ ҚАЙ БАҒЫТТА ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫНЫН БАЯНДАДЫ
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитет төрағасы Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі интеллектуалды алаңында конституциялық реформа жүзеге асырылғаннан кейінгі елдің саяси жүйесіндегі Парламенттің рөлі жайында кеңірек баяндады.
«Бізге билік тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі қажет. Тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі – бұл бізге тән жаңалық емес. Бұл демократиялық елдерде ғасырлап жүзеге асырылатын жүйе. Бүгінгі таңда заң шығарушы билік тармақтары өз өкілеттілігінде шектелгені жасырын емес. Конституциялық реформа шеңберінде заң шығарушы билік тармақтарының өкілеттілігін, ресурстық қамсыздандыруды күшейту қажет. Түрлі институттар жұмыс жасауы қажет, осыған сәйкес Парламент жанынан заңнама институтын және талдау құрылымдарын құрып, Парламент жұмыстарына сарапшылар қауымдастығын шақыру қажет»,-деді халық қалаулысы.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң шығарушы билік тармақтарын күшейту аясында бақылау өкілеттіліктерін Парламентке беру қажет.
«Барлық шараларды жүзеге асырғаннан кейін заң шығарушы мен атқарушы билік тармақтары арасында тепе- теңдік пайда болады. Осылайша, реформаның бірден-бір міндеті - саяси жүйеде тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін күшейту. Бұл жаңғыртуда жасалатын бірден-бір жағдай»,-деді спикер.
Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев саяси жаңғырту шеңберінде мемлекеттік органдардың, министрлердің және әкімдердің қызметтерінің ашықтығын толық қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.
«Қоғам толқуларына әкелген мәселелер де болды. Атап өтсек, жерді жалға беру, уақытша тіркелу айналасындағы қоғамдық талқылаулар. Осы тектес жағдайлар қайталанбас үшін маңызды мемлекеттік шешімдерді әзірлеу сатысында әлеуметті талқылауларға тарту қажет. Әлеумет нақты заңдарды әзірлеуде түпкілікті қорытындысына әсер етуге мүмкіндіктері болуы қажет»,-деп сөзін жалғастырды ол.
Депутат Үкіметті қалыптастыру тетіктерінің мәселелеріне ерекше назар бөлді.
«Заң жобасында Парламент Үкіметтің қалыптасуына тікелей қатысады деп көрсетпеген. Бұл жерде Премьер-министр министрлерді тағайындауда Мәжіліспен кеңеседі дегенді білдіреді. Кеңесу- өте дерексіз санат.
Кеңесу ұзақ және нәтижесіз болуы мүмкін. Әлеуметтік-экономикалық блоктағы министрлер Парламент Мәжілісінің келісімімен тағайындалуы қажет»,-деді депутат.