ЖАСТАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖИЫНЫ ӨТТІ
Бүгін Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестік жастары мен облыстық жастар ұйымдары белсенділерінің қатысуымен Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін талқылап, насихаттауға арналған бірлескен жиын өтті.
Шараға облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Абылайхан Сабанбаев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ләззат Қаржаубаева, облыстық ҚХА Жастар қанаты төрағасының орынбасары Альфия Шайхутдинова, Жастар ресурстық орталығы КММ-нің бөлім басшысы Ардақ Әукенов қатысты.
Қатысушыла ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 25-ші қаңтардағы билік бөлінісіне байланысты айтылған ұсынысы мезгілінде білдірілген бастама екендігіне тоқталды. Елбасының осындай саяси қадамы Қазақстанның болашағы үшін қажетті шара екендігі аталып өтілді. Жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуын жаңа кезеңге шығарады және мемлекеттік басқару жүйесінің жақсаруына оң әсер етеді деген ой пікірлерін ортаға салған жастар жиын соңын еркін пікір алмасуға ұластырды.