ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ КЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінің тұрғындармен Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатындағы кездесуі өтті. Шараға «Сыр медиа» ЖШС ақпараттық-талдау орталығы жетекшісі, саяси ғылымдар кандидаты, облыстық Қазақстан халық ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Сәулет Сахиев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Мәдина Жүсіпбекова қатысты.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев жүргізді.
ҒСТ мүшесі С.Сахиев алғы сөзінде «Елбасының биылғы Жолдауында маған ерекше әсер еткен жайттардың бірі ол қоғамдағы қарапайым еңбек адамының рөлі болды. Бұл орайда Елбасының «ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Біз жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз» деген сөзінде ерекше мән бар. Расымен де, қазіргі таңда еңбектің мән-маңызы арта түскені ақиқат. Еңбексіз өмірдің мәні де, сәні де жоқ екені, онсыз елді дамытып, өркендету мүмкін емес екені белгілі. Қарапайым еңбек адамының жұмысы ел экономикасының артуына көп үлес қосатыны анық», деп өз ойын ортаға салды.
Ал М.Жүсіпбекова Жолдауда көптеген мәселелерге қатысты межелі бағыт-бағдарлар сараланып, салмақты таразыланғанын айтып өтті. Кездесу соңы пікір алмасуға ұласты.