АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНДА ҚЫРЫМБЕК ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Облыстық Ана мен бала орталығында бүгін алғаш рет ана босанды. Шиелілік Дана есімді азаматша салмағы 3 келі 300 грамм тартатын ұл баланы өмірге алып келді. Бұл туралы журналист Үйтолған Жарекеева өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.
Дина Жарылқапқызы бүйрегі ауыратындықтан облыс орталығына жіберген-ді. Қазақта осындай ел мен жұрттың құрметіне ие болған азаматтардай болсын деп жас нәрестеге ырымдап есім қоятын салт бар. Төртінші сәбиіне оның ата-анасы облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың құрметіне Қырымбек деп атауды ұйғарыпты.
Айта кетелік, Ана мен бала орталығы үстіміздегі жылы аймақ жетекшісі Қырымбек Көшербаевтың ықпалымен пайдалануға берілген болатын. Ана мен баланы қорғауда орталықтың атқаратын жұмысы аз емес. Медициналық құрылғылары толығымен көшірілген орталықта бүгін алғаш рет нәресте өмір есігін ашты.
Бүгін одан бөлек, 11 әйел, біреуі ота жолымен, қалғаны өздері сәбилерін дүниеге әкелді. Негізінен орталыққа келетін әйелдердің 70 пайызы аудандардан келеді.
Шынар БЕКБАН