ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің бұл жолғы отырысында «Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері» талқыланды.
Жиынға кеңес мүшелерімен қатар облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Нұрбаева, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Жанат Құрамысова, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Оспанов және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртбіндегі мәселе бойынша облыстық тарихи - өлкетану музейі директорының орынбасары Ж. Құрамысова хабарлама жасады. Ол өз сөзінде заман талабына сай көзі ашық, креативті жас ұрпақ тәрбиелеуде көп жұмыс атқаруымыз қажеттігін атап өтті
Ал облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Г. Нұрбаева бүгінде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп келе жатқандығына тоқталды. Жастар арасында патриоттық тәрбие мен қоғамдық-саяси сауаттылықты қалыптастыруға басымдық беру қажеттігін жеткізді.