КӨКТЕМГІ АҢ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ
Жануарлар әлемін сақтау және жануарлар санын көбейту мақсатында 2017 жылдың 16 ақпанынан бастап Қазақстан аумағында аңшылықпен айналысуға тыйым салынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марлен Айнабеков хабарлады.
«Жабайы құстардың ұя салуы уақытында аңшылықпен айналысуға тыйым салу бойынша ұсынысты ғылым және қоғамдық ұйымдар қолдады. Бұл кезеңде аң аулаумен айналысу бірқатар жануарлардың топтарына қауіпті болып танылады. Көктемгі аң аулауға тыйым салу жабайы құстар санының өсімін сақтап қалуға мүмкіндік береді»,-деді Марлен Айнабеков.
Оның айтуынша, Зоология институты мен Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы көктемгі аң аулауда тыйым салу бойынша биологиялық негіздеме жасады. Осыған байланысты көктемгі кезеңде жабайы құстарды атуға тыйым салынатын болады. Көктемгі аң аулауға тыйым салу жабайы құстар санының өсімін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Қазір саны онсыз да аз жабайы құстарға қару кезеген браконьерлер саны көбейіп барады. 2015 жылы көктемгі аң аулау кезеңінде 636 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, биыл 758-ге жетті.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейін көктемгі аң аулауға тыйым салынады.