МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ: ЖЕРГІЛІКТІ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ КЕРЕК
Қазақстан қалпына келетін электр энергиясын өндіруді 2050 жылға дейін 50 пайызға дейін арттырмақ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
«Аталған жоба облыс аумағында «Қазатомпром» кен орнында іске асырылып жатыр. Сонымен қатар облыстың басқа да аудандарында осыған ұқсас жобаларды дамытуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін өндіру кезең кезеңімен яғни 2020 жылға 3 пайызға, 2025 жылы – 5 пайыз, 2030 жылы – 10, 2050 жылы 50 пайызға дейін арттыру жоспарланып жатыр», - дейді министрлік өкілі.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бүгінде Қызылорда облысы электрэнергиясының жартысын ғана өндіріп, қалғанын сырттан алады. Сондықтан да аймақта электр энергиясын өндіру көлемін арттыру керек.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бүгінде Қызылорда облысы электрэнергиясының жартысын ғана өндіріп, қалғанын сырттан алады. Сондықтан да аймақта электр энергиясын өндіру көлемін арттыру керек.