МҮГЕДЕКТЕРДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді.
Қоғамдық тыңдауға қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, партияның «Тұран», «Теміржол» филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары Есенжол Назаров, Базар Танбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева, «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасы Мұрат Жұмаділлаев, партия қызметкерлері, ҮЕҰ жетекшілері, БПҰ төрағалары, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Шараны Ш.Әбдірахманов ашып, қоғамдық тыңдау мақсатымен таныстырды.
Күн тәртібі бойынша аймақтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар және оған мемлекеттен қаралған әлеуметтік бағдарламалар туралы А.Ибраева толық есеп берсе, М.Жұмаділлаев Қызылорда облысы бойынша жұмыспен қамтылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар жайында хабарлама оқыды.
Шарада үкіметтік емес ұйым басшылары тұшымды ұсыныстарын айтып, пікірлерімен бөлісті.