ВИЦЕ-МИНИСТР «АҚЫЛДЫ» ЖҮЙЕЛЕРДІ ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫНА ТОҚТАЛДЫ
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Елбасының Жолдауын насихаттау мақсатында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев баспасөз мәслихатын өткізді.
БАҚ өкілдерімен кездесу барысында вице-министр Елбасы Жолдауының негізгі басымдақтарын түсіндіріп, алға қойылатын мақсаттар мен міндеттерге баса назар аударды.
Сонымен қатар, аймақтағы энергетика саласы бойынша жоғары технологиялық деректерді цифрландыру арқылы тұтынушылардың өмір сүру сапасын жақсарту міндеті туралы баяндады. «Ақылды» жүйелерді құру перспективалары туралы және электр жабдықтау жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды ақпараттандыру және цифрландырудың маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Сыр еліне жұмыс сапары барасында, Ақшабұлақ кен орнында мұнай және сервистік компания қызметкерлерімен, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының профессор-оқытушылары, студенттерімен кездесті. Кездесуде Қызылорда облысының 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне жайлы кеңінен әңгіме болды.
Фариза ОМАРОВА