ҚАЗАҚСТАНДА ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ АЙЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін еліміздің барлық өңірінде Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне орай туберкулездің алдын алу жөніндегі айлық басталды. Ол 2016 жылдың 24 ақпаны мен 23 наурызы аралығында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Айлық өткізудің мақсаты – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары дәрігерлерінің туберкулезді ерте анықтауын арттыру, профилактикалық шараларды күшейту, тұрғындарға туберкулездің алғашқы белгілері байқалған уақытта емделу тиімділігін түсіндіру.
Айлық аясында республика бойынша МСАК ұйымдарында бейінді мамандарды шақырту арқылы ашық есік күндерін өткізу; медициналық қызметкерлер үшін туберкулездің алдын алу және ерте диагностикалау жөнінде оқыту семинар-тренингтерін ұйымдастыру; денсаулық мектептерінде иммунитетті нығайту мен микроағзаларға деген тұрақтылықты арттыру мақсатында қауіптің мінез-құлық факторларының алдын алу, физикалық белсенділік пен дұрыс тамақтануды насихаттау жұмыстары жалғастырылатын болады.
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік бойынша есебінің «Туберкулездің таралуы» факторы бойынша өткен жыоы Қазақстан өз көрсеткішін 2015 жылмен салыстырғанда (140 елдің арасында 101 орын) 9 айқындамаға жақсартып, 138 елдің арасында 92 орын алды.
Халыққа туберкулезге қарсы көрсетілетін көмектің сапасын әрі қарай жетілдіру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының туберкулезді жоюдың 2016-2035 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес дертті бақылаудың үлгісі жасалды. Ол 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының негізгі қағидаларымен сәйкестендірілген. ДДСҰ мен Халықаралық туберкулезбен күрес одағының саясатын ұстана отырып, еліміздегі туберкулезбен күрес шаралары алғашқы медициналық-санитариялық көмек желісімен біріктірілді.
Аталған бағыт қазіргі таңдағы стратегияның маңызды басымдығы болып табылады. Өйткені, туберкулез – қоғамдық денсаулық сақтау саласы мәселелерінің бірі, сондықтан, қоғам мен мамандардың бірлескен әрекеттері ғана барлық профилактикалық, эпидемияға қарсы, клиникалық шаралардың тиімділігін арттырмақ.