МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәжіліс залында «Пробация туралы» ҚР Заңындағы жаңадан енгізілген сотқа дейінгі және пенитенцарлық пробацияны іске асыру” тақырыбында семинар-кеңес өткізілді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Оған қалалық, облыстық сот, прокуратура, облыстық ІІД, денсаулық,білім басқармалары, қоғамдық байқау комиссиясы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілдері мен ҚАЖ департаменті қызметкерлері қатысты.
«Пробация туралы» ҚР-ның Заңы «100 нақты қадам»- Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 30 желтоқсанды қабылданып, қолданысқа енгізілді. Заң пробация саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және пробация субъектілерінің ұғымын, пробация қағидаттарын, құзыреттері мен функцияларын, сондай-ақ пробация қызметі қызметкерлерінің және пробацияға түсетін адамдардың мәртебесін белгілейді «Пробация туралы» ҚР Заңының негізгі мақсаты-сотталған адамдарға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету, олармен қайталап қылмыстың және құқық бұзушылықты жасаудың алдын алу болып табылады. Яғни, Заң елімізде қылмыстық сот төрелігі құзырына тап болған азаматқа мемлекеттің жан-жақты құқықтық көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Бұл олардың қайтадан қылмыс жасамауына, қоғамнан өз орнын табуына жол ашады.
Заң талаптарына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу тобының бас маманы әділет капитаны Ж.Есмаханов,пробация қызметтеріне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры А.Құрақбаева өз баяндамаларында тоқтап, талқылау жүргізді.
Семинарға қатысушы мемлекеттік органдар өз тараптарынан заң талаптарын қолдану бойынша өз ұсыныстарын беріп, сұрақтар талқыланды.