24 АҚПАН КҮНІ ЕЛ АУМАҚТАРЫН ТҰМАН БАСЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
24 ақпан күні елдің батыс бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын соғады, жел күшейеді деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматы облысының жекелеген жерлерін түнде тұман басады, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с екпінмен соққан желдің күші 29 м/с жетуі ықтимал.
Атырау, Батыс Қазақстан , Маңғыстау облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықтағы жел болжанады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейетіндігі күтіледі.