ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР КРЕАТИВТІ ИДЕЯЛАРЫМЕН ТАҢҒАЛДЫРДЫ
Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия, биология және ағылшын тілі пәндерін қамтитын кіріктірілген ғылымдар апталығы басталды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Апталық аясында оқушылар түрлі іс-шараларға қатысу арқылы химия-биология пәндеріне қызығушылығын арттырып, тілдік дағдыларын дамытады. Мәселен,апталықтың ашылу салтанатында химия, биология салаларының көптеген ғажайыптардан тұратындығын шетелдік мұғалімдер мен мектеп оқушылары қызықты тәжірибелер арқылы көрсете білді.
Сондай-ақ, «Life Hacks - Өмірді жеңілдететін заттар жасау» тәжірибе алаңы сайысында оқушылар химия-биологиялық бағыттағы түрлі тәжірибелер көрсетіп, үй жағдайында дақтарды кетіру, өсімдіктерді зиянсыз жолмен бояу, қажетсіз қалдықтардан бұйымдарды әзірлеу жолдары жайында ағылшын тілінде пайдалы ақпарат берді.
"Бұл сайыста оқушылар өздерінің креативті идеяларымен таңғалдырды. Мақсатымыз оқушыларды сапалы біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетерін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту болды", - дейді биология пәнінің мұғалімі Мөлдір Алданышова.