ТЕМІРЖОЛШЫЛАР АПТА ІШІНДЕ ЖОЛ БОЙЫНАН 118 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР ҚАРДЫ СЫРТҚА ШЫҒАРДЫ
Апта ішінде 23 500 шақырым жол қардан аршылды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
12 мыңға жуық адам мен, қар тазалау және тасымалдау техникалары тәулік бойы тұрақты жұмыс жасады. Теміржол бригадалары қар басып қалған телімдерде жұмыс істеді.
«Қардың мол түсуіне байланысты барлық теміржол кәсіпорындарынан жұмысшылар осы жұмысқа тартылды. Мәселен, өткен аптада жол тазалауға қосымша 300 адам тартылды»,- дейді, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- Магистральдық желі дирекциясының» менеджері С. Назыров.
Оның айтуынша, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай магистральдық желі дирекцияларының қар тазалау техникалары жұмыс істеуде.
Өткен аптада Ермаковка- Огневка қума жолында биіктігі 1,5 метрлік, ені 20 метрлік қар көшкіні құлады.
«Жол шеберлері осы телімнен қар тазалауға жедел кірісті. Бұл телімге техникалардың кіре алмауына байланысты жолшылар қолмен аршыды. Барлығы 200 текше метр қар сыртқа шығарылды. Жолшылардың шұғыл қызметінің арқасында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді»,- дейді С. Назаров.